Түркия билігімен 40 жыл бойы саяси қақтығысқа түскен партия тарады

848

Жақында тиісті шешім қабылданды. 

Түркия билігімен 40 жыл бойы саяси қақтығысқа түскен партия тарады Фото: BBC

Күрдістан жұмысшы партиясы тарады. Бұл туралы BBC агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

5–7 мамыр аралығында өткен "Күрдістан жұмысшы партиясының" 12-інші съезде партияны тарату және қарулы күресті тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұған дейін ақпан айының соңында партияның негізін қалаушысы, түрмеде отырған Абдулла Оджалан тиісті үндеу тастаған еді.

"Біздің күресіміз халқымызға қарсы бағытталған жою саясатын бұзып, күрд мәселесін демократиялық саясат арқылы шешуге болатын деңгейге жеткізді. Осылайша, партия өзінің тарихи миссиясын орындады", - делінген партия таратқан мәлімдемеде.

Қырық жылға созылған қарулы қақтығыс кезінде 40 мыңнан астам адам қаза тапты. Олардың дені бейбіт тұрғындар болатын.

Өз кезегінде Түркия үкіметі бұл шешімді құптап отыр. Ел билігі партияның барлық бөлімшелерінің қарулы әрекеттерін тоқтату қажеттігін атап өтті.

Күрдістан жұмысшы партиясы 1978 жылы құрылды.

Десек те, сарапшылардың сөзінше, бұл Түркияда күрдтердің мәселесі толығымен шешімін тапты дегенді білдірмейді. Қазір елде 14 млн күрд тұрады. Бұл – Түркия халқының 15%-ы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу