Түркия елдің оңтүстігінде антитеррорлық операция жүргізеді

563

Операция әскери, барлау және қауіпсіздік күштері дайындықты аяқтағаннан кейін басталады.

Түркия елдің оңтүстігінде антитеррорлық операция жүргізеді

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Анкара жақын арада елдің оңтүстігінде антитеррорлық операцияны бастайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекет басшысы көрші өңірлерден келетін лаңкестік қауіп-қатерлерге қарсы ені 30 шақырым болатын қауіпсіз аймақтар құрылатынын атап өтті.

"Бұл операциялардың негізгі мақсаты – елімізге шабуыл жасалатын  аудандарды құрту", – деді Ердоған.

Операциялар әскери, барлау және қауіпсіздік күштері дайындықты аяқтағаннан кейін басталады. Бұған дейін Ердоған 1984 жылдан бері мыңдаған түрік азаматы Күрдістан жұмысшы партиясының жақтастарының қолынан қаза тапты деп мәлімдеген болатын.
Ескере кететін жайт, АҚШ пен Еуропалық Одақ бұл партияны террористік ұйымдардың тізіміне енгізді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу