Түркия электронды темекіге тыйым салады

1044

Елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның айтуынша, қазір мұндай шылым түрінің саудасы мен импортын шектеуге қатысты заң жобасы дайындалып жатыр. 

Түркия электронды темекіге тыйым салады

Электронды темекіге бүгінгі күнге дейін 27 мемлекетте тыйым салынған. Олардың қатарында Аргентина, Австралия, Бразилия, Колумбия, Мексика, Панама, Уругвай, Бельгия, Дания, Норвегия және Израиль бар. 

Жақын арада АҚШ та осы тізімге қосылуы мүмкін. Өйткені Құрама Штаттарды қазір  вейп шылымына әуестердің арасында тыныс алу жолдары ауруының кең таралуы қатты алаңдатып отыр. Бұл елде оның салдарынан комаға түсіп, тіпті қаза тапқандар да бар. 

Аурудың себебі – вейпке арналған сұйықтықтағы Е дәрумені мөлшерінің шамадан тыс көп болуында. Ол қыздырылған кезде ағзаға зиянды нәрселер бөлінеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу