Түркия тарихи шешімге келді

1448

Ердоған бұл мәлімдемені 21 шілде күні журналистермен кездесуі кезінде жасады. 

Түркия тарихи шешімге келді Фото: Anadolu Agency

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елінің Еуропалық Одаққа толыққанды мүше болуға дайын екенін тағы да мәлімдеді. Ол өз сөзінде Еуродаққа Түркияның қажет екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты TRT Haber басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Түркия Еуропалық Одақпен қарым-қатынаста жаңа дәуір бастауға және жақындасуға кедергі келтіріп отырған “ескірген саяси тосқауылдарды” еңсеруге дайын.

“Әлем өзгеріп жатыр, Еуропа да өзгерді. Еуроодақты болашаққа бастайтын шешуші қадам – Түркия болуы мүмкін. Біз толыққанды мүше болуға дайынбыз”, – деді Ердоған.

Еуроинтеграция тақырыбымен қатар, Ердоған халықаралық күн тәртібіне де тоқталды. Ол Израильдің әскери әрекеттерін айыптап, Газа секторы тұрғындарын қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар Сириядағы өтпелі үкіметті қолдайтынын мәлімдеді. Ол алдағы 2-3 жылда Түркия жаңа ұшақ тасығыш кеме салуды жоспарлап отырғанын айтты.

Айта кетейік, Түркия 1999 жылдан бері Еуроодаққа үміткер ел саналады. Келіссөздер 2005 жылы басталғанымен, 2016 жылы демократия, адам құқықтары және Ердоғанның ЕО-ның толыққанды мүшесі – Кипр Республикасын мойындамауына байланысты саяси келіспеушіліктер туындап, іс жүзінде тоқтап қалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу