Түркия ғарышқа алғашқы байланыс жерсерігін ұшырды

143

"Түрксат 6A" жобасы – түрік мамандарының жиырма жылдық ғылыми-зерттеуі мен инженерлік еңбегінің жемісі.  

Түркия ғарышқа алғашқы байланыс жерсерігін ұшырды Фото: olaytokat.com

Бауырлас ел осы жетістігі арқылы жерсерігі технологиясы озық мемлекеттер қатарына еніп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты Форбес журналына сілтеме жасап. 

Түркия алғашқы байланыс жерсерігін ұшырып, орбитаға шығарды. Түркия отандық "Türksat 6A" аппараты арқылы ғаламдық байланыс нарығында жаңа белеске шықты.

Ел президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл – елдің ғылыми және өндірістік әлеуетінің арта түскендігінің белгісі. Енді Анкара жер серіктерін өз базасында жасап, дербес ғарыштық платформа құруды қолға алмақ.

– Бұл табыс біздің жерсерігін жасау мен оны ұлттық деңгейде брендке айналдыру бойынша бағдарламамызды жаңа деңгейге көтерді. Халықаралық сахнада беделімізді нығайта түсті. Еліміздің байланыс,технология және тағы басқа салаларда мүмкіндіктері артты. Жаңа аппараттың қызмет ету мерзімі 15 жылдан асады. Оның арқасында Түркияның байланыс көрсету қызметінің қамту аймағы 3,5 млрд-тан 5 млрд адамға дейін ұлғаяды. Бұл инфрақұрылым сапасын жақсартып, телекоммуникация әлеуетін еселей түспек, – деп мәлімдеді Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған.

Türksat 6A – технологияның нағыз озық жетістігі. Түркияның өзінен бөлек Үндістан, Малайзия, Таиланд және Индонезия елдеріне байланыс қызметін көрсете алады.Оның 80 пайыздан астам бөлігі Түркияда жасап шығарылған. Салмағы 4 тонна 229 келі болатын жерсерігі геостационарлық орбитада, яғни 36 мыңдай шақырым биіктікте жұмыс істейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу