Түркия Газаға көмекке әскер жіберуге әзір – Ердоған

368

Әлем елдері Палестинаға жұмыла жүк жөнелтіп жатыр.  

Түркия Газаға көмекке әскер жіберуге әзір – Ердоған Фото: Анадолы агенттігі

8 қазанда жарияланған уақытша бітімнен кейін көмек жеткізу жұмыстары жеделдетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бір ғана Түркия кейінгі бір аптада 100 шақты жүк көлігін кіргізді. Бұдан бөлек, Түркия президенті гуманитарлық көмек қана емес қажет болса құтқару және басқа да жұмыстарға сарбаздар жіберуге де әзір екенін айтты.

"Израиль қақтығысты тоқтату туралы келісіміне адал болып, уәдесінде тұруға тиіс. Біз Түркия халқы аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнағанын қалаймыз. Сол себепті бауырлас ел ретінде өз тарапымыздан барлық мүмкіндікті жасаймыз. Бейбітшілікті орнату үшін біздің Қарулы күштер жүктелген міндетті толық орындауға дайын. Ал Газа секторындағы қираған инфрақұрылымды қалпына келтіруді тездету қажет. Қыс түспей, бұл мәселені шешу шаралары қабылдануы керек", – деп мәлімдеді Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу