Түркия Қазақстанға гуманитарлық қолдау көрсетті

588

Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор "СҚ-Фармация" ЖШС қабылдап алды.

Түркия Қазақстанға гуманитарлық қолдау көрсетті

9 мамырда Алматыға Түркия Үкіметі атынан гуманитарлық жүк жеткізілді. Оның ішінде медициналық маскалар (150 000 дана), бетке арналған қорғаныс экрандары (50 дана), көзді қорғайтын көзәйнектер (100 дана), комбинизондар (300 дана) және дезинфекциялық құралдар бар, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 11 мамырда Түркияның жетекші фармацевтикалық өндірушісі "Abdi Ibrahim" компаниясы да COVID-19 коронавирусымен күресуде қолданылатын, құрамында хлорокин бар "Kutlu" дәрісі мен ацетилцистеин препаратын гуманитарлық қолдау ретінде жіберді.

Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор "СҚ-Фармация" ЖШС қабылдап алды.

Бұдан бұрын Қазақстанға гуманитарлық көмекті YDA Holding, Anadolu Endustri Holding (Coca-Cola Icecek), Nobel Ilac сияқты бірқатар түркиялық инвесторлар да жіберген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу