Түркия қазіргі жағдайда Еуроодаққа мүше бола алмайды - Еуропарламент

438

Еуропарламент Түркияның 2022 жылғы есебін қабылдады.

Түркия қазіргі жағдайда Еуроодаққа мүше бола алмайды - Еуропарламент

Түркияның Еуроодаққа кіру үдерісінің "қазіргі шарттарда" қайта басталуы мүмкін еместігі айтылып, Еуроодаққа мүше болудың орнына неғұрлым "шынайы" шеңберді табу процесінің басталуы ұсынылды.

Еуропа Парламентінің Түркия баяндамашысы Начо Санчес Амор дайындаған 2022 жылғы Түркия есебі Еуропарламенттің жалпы ассамблеясында өткен дауыс беруде 434 дауыспен қабылданды. Қарсы шыққандар саны 18. Ал 152 депутат дауыс беруден тыс қалды.

Негізгі құқықтар мен заң үстемдігі сияқты мәселелерге қатысты сындар орын алған баяндамада, ынтымақтастыққа назар аудара отырып, Түркияның мүшелік процесіне қатысты перспективалар айтылды. Түркиямен мүшелік келіссөздерінің аяқталуын қамтитын түзету ұсынысы 460 дауыспен қабылданбады және баяндамаға кірмеді.

"Еуропарламент Түркияның Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерді жеңілдетуге бағытталған қадамдарын құптайды және жаһандық астық тапшылығын жеңілдетуде маңызды болып табылатын Қара теңіз астық бастамасына көтеріп, оны жалғастыруда Түркияның БҰҰ-мен бірге атқаратын маңызды рөлін мойындайды", - делінген баяндамада.

Сонымен қатар, Түркия тарапынан Швецияның НАТО-ға мүшелігін тез арада мақұлдауды сұрады.

Ал бүгін Түркияның сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің есебіне қатысты мәлімде жасады. Онда: "Еуропарламенттің есебі әділетсіз айыптар мен алдын ала пікірлерге толы" делінген.

"Баяндама түрікке қарсы топтар таратқан жалған ақпаратқа негізделген және әділетсіз айыптаулар мен теріс пікірлерге толы. Бұл, сондай-ақ, Еуропарламенттің біздің елмен қарым-қатынасқа да, ЕО-ның болашағына да үстірт қарауының көрінісі", - делінген СІМ хабарламасында.

Бұдан әрі: 

"Осындай қиын кезеңде тұрақтылық пен қауіпсіздік тұрғысынан Түркия мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарды жандандыру үшін мүмкіндіктер терезесі ашылғанғанда Еуропарламенттің біздің елмен Еуропалық Одаққа мүшелікке қатысты келіссөздер жүргізудің орнына мұндай қадамдар жасауы қисынсыз деп санаймыз", - деп жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу