Түркия кемелердің Босфор және Дарданелл бұғаздары арқылы өту бағасын көтерді

593

Тарифтер жыл сайын 1 шілдеде жаңартылып отырады.

Түркия кемелердің Босфор және Дарданелл бұғаздары арқылы өту бағасын көтерді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Босфор және Дарданелл бұғаздары арқылы кемелердің өтуіне арналған жаңа баждар күшіне енді.

Жаңа тарифтер әр кемеден тоннасына 4,42 доллар көлемінде салықтар мен алымдар белгілейді. Бұған дейін 4,08 долларды құраған.

Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлұ президент жарлығына сәйкес Түрік бұғаздары арқылы өту баждары жыл сайын 1 шілдеде автоматты түрде қайта қаралатынын айтты.

Көлік министрлігінің басшысы баж салығы бастапқыда әрбір кемеден орташа есеппен 3 240 доллардан алынғанын еске салды. 2002 жылы баж салығы 16 393 долларға дейін өсті, ал 2023 жылдың 1 шілдесіндегі тарифке сәйкес таза сыйымдылығы 10 000 тонна кемеден 17 760 доллар алым алынады.

Айта кетейік, 1936 жылғы Монтре конвенциясы түрік бұғаздары арқылы өтетін кемелерге қолданылатын салықтар мен алымдарды  анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу