Түркия Черногория азаматтарына қатысты визасыз режимді уақытша тоқтатты

1027

Бұған дейін Черногория 1 қарашадан бастап түрік азаматтары үшін визалық режим енгізген болатын.

Түркия Черногория азаматтарына қатысты визасыз режимді уақытша тоқтатты Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Алайда визасыз режимнің қанша уақытқа тоқтатылғаны туралы ақпарат берілмеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Черногория үкіметі визалық саясатқа сәйкес, Түркиядан бөлек Ресей, Беларусь, Қытай және Сауд Арабиясы азаматтарына берілген визасыз режимді 1 қарашадан бастап тоқтатты.

Түркияның қарымта жауабы

Екі аптадан соң ресми Анкара шешім қабылдап, Подгорицаның қараша айының басында Түркия азаматтарына виза талаптарын енгізуіне қатысты жауап қатты. 

Түркия Черногория азаматтары үшін визасыз режимді тоқтатты. Президент Режеп Тайип Ердоғанның тиісті жарлығы 27 қарашадан бастап күшіне енді. Бұл құжат Түркия мен Черногория арасында 2008 жылғы 18 қаңтарда қол қойылған визадан өзара босату туралы келісімнің күшін тоқтатады. Осылайша, 18 жыл бойы қолданыста болған визасыз режим қарапайым паспортпен сапарлайтын Черногория азаматтары үшін аяқталды.

Фото: mediabrest.by

Құжатта режимнің қанша уақытқа тоқтатылатыны және жаңа визалық рәсімдердің қандай тәртіппен жүргізілетіні туралы нақты ақпарат көрсетілмеген.

Айта кетейік, шектеу қарапайым (жалпыазаматтық) төлқұжат иелеріне қатысты. Арнайы, қызметтік және дипломатиялық төлқұжат иелеріне шектеу қойылмайды.

Бұған дейін Черногория визалық саясатын Еуропалық одақтың ережелеріне сәйкестендіру аясында өзгерістер енгізетінін жариялаған еді. 

Черногория үкіметі 2026 жылғы 23 шілдеде визалық режимді Еуропалық одақтың визалық саясатына сәйкестендіру мақсатында өзгертті. Осы реттеу аясында Түркия, Ресей, Беларусь, Қытай және Сауд Арабиясы азаматтарына берілген визасыз режим 1 қарашадан бастап тоқтатылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу