Президенттер арасындағы бұл сәт камераға түсіп қалған. Бейнежазбада Макрон үстел басында отырған Ердоғанға амандасу үшін келіп, қолын түрік лидері отырған үстелге қойып, алақанын Ердоғанның қолының үстіне қойғаны көрінеді. Осыдан кейін Ердоған қолын алып, Макронның екі саусағын ұстап қалады. Франция президенті Ердоғанның ұстап тұрған саусақтарының бірін босатып үлгереді, алайда түрік көшбасшысы екінші саусағын кемінде он секундтай ұстап тұрған.
Yeni Şafak газеті жазғандай, Франция президенті өз қимылы арқылы түрік көшбасшысына психологиялық үстемдік орнатуға тырысқан. Алайда Ердоған бастаманы өз қолына алып, керісінше өзі үстемдік көрсете бастады. Осы әрекеті арқылы Түркия президенті өз сенімділігін және саяси ұстанымын айқын көрсетіпті.