Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен кейін 850 мыңнан астам бала баспанасыз қалды - БҰҰ

394

Бір Түркияның өзінде зардап шеккен аудандарда 1,9 миллионнан астам адам тиісті санитарлық нормаларға сай емес, сусыз, күйсіз баспаналарға орналастырылған. Одан бөлек 2,5 миллион бала шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж.  

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен кейін 850 мыңнан астам бала баспанасыз қалды - БҰҰ Фото: kazpravda.kz

Түркия мен Сирияның оңтүстігінде болған екі апатты жер сілкінісінен бір ай өткен соң, 850 мыңнан астам бала көшірілді, деп жазады inbusiness.kz БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Түркия мен Сирияда 6 ақпанда болған күшті жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны әлі белгісіз.

Тірі қалғандардың барлығы түрлі көмекке, бірінші кезекте психологиялық қолдауға зәру. БҰҰ Балалар қорында (ЮНИСЕФ) осындай дүрбелең кезеңде белгілі бір тұрақтылықты сақтау үшін қолдан келгеннің барлығы жасалып жатыр, бірақ донорсыз қолдауды жалғастыру мүмкін болмайды.

БҰҰ есебіне сәйкес, Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу