banner

Түркия парламенті 30 наурызда Финляндияның НАТО-ға өтінішін талқылайды

433

Бұған дейін бұл құжатты Түркияның сыртқы байланыстар жөніндегі Парламенттік комитеті мақұлдаған болатын.  

Түркия парламенті 30 наурызда Финляндияның НАТО-ға өтінішін талқылайды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Түркия парламенті 30 наурызда Финляндияның Солтүстік Атлантикалық шартқа (НАТО) қосылуы туралы хаттаманы бекіту туралы заң жобасын талқылайды, деп жазады Inbusiness.kz "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

Тиісті заң жобасын 23 наурызда Түркияның сыртқы байланыстар жөніндегі Парламенттік комитеті қабылдады.

Әділет және даму партиясы (ӘДП) фракциясы төрағасының орынбасары Йылмаз Тунч заң жобасы 30 наурызда Парламент отырысында талқыланатынын айтты. ​​​​​​​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу