Түркия президентіне үміткерлердің есімдері белгілі болды

530

Бүгін Түркия президенті лауазымына үміткерлердің қолдарын жинау мерзімі аяқталды.  

Түркия президентіне үміткерлердің есімдері белгілі болды  Фото: octagon.media

Жоғары сайлау комиссиясы (ЖСК) сайлау науқанының басталуына 4 кандидат жіберді, деп хабарлайды іnbusiness.kz түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап.

ЖСК-ге өтініш берген және өз кандидатурасын қолдау үшін кем дегенде 100 мың қол жинай алғандар қатарында Мұхаррем Индже (114,657 дауыс) мен Синан Оган (111,502 дауыс) бар. Ресейшіл саясаткер - Дого Перинчек бар болғаны 27 055 дауыс жинай алды. Бір күн бұрын 70 мыңға жуық қол жинаған Фатих Эрбакан кенеттен кандидатурасын алып тастап, халықтық альянсқа қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған мен халықтық альянстың кандидаты Кемал Қылышдароғлы партиялары Түркия Парламентінде ұсынылғандықтан, оларға қол жинау міндетті емес.

Сонымен, Мемлекет басшысына үміткерлер қатарында: Ердоған, Қылышдароғлы, Индже мен Оган. Түркия Президенті мен ел парламентіне сайлау 14 мамырда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу