Түркия, Ресей, Иран және Асад режимі сыртқы істер министрлері Мәскеуде кездесті

566

Сирия тақырыбындағы төртжақты кездесу басталды.

Түркия, Ресей, Иран және Асад режимі сыртқы істер министрлері Мәскеуде кездесті Фото: aa.com.tr

Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрлігі ғимаратында өтіп жатқан кездесуге Түркияның сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Иранның сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян және Сириядағы Башар Асад режимінің сыртқы істер министрі Фейсал әл-Микдад қатысуда, деп хабаолайды Inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Мәскеуде Сирия тақырыбындағы сыртқы істер министрлерінің төртжақты кездесуі басталмай тұрып ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен жүздесті. Бұл жайлы министр Twitter парақшасында “Лавровпен кездесу барысында Сирия, Украина және Кавказдағы оқиғалар мен астық келісімін талқыладық” деп жазған.

Сонымен қатар кездесуде қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру жөнінде пікір алмасып және лаңкестікпен күрес, саяси үдеріс, пана іздеушілердің өз еркімен, қауіпсіз және лайықты елге оралуы сияқты мәселелер талқыланады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу