Түркия Ресей мен Беларусь ұшақтарына жанармай құюды және қызмет көрсетуді тоқтатты

1265

Мұндай шешім АҚШ тарапынан салынған санкцияға байланысты.  

Түркия Ресей мен Беларусь ұшақтарына жанармай құюды және қызмет көрсетуді тоқтатты Фото: kommersant.ru

Түркия АҚШ-тың талабы бойынша ресейлік және беларусьтік авиакомпаниялардың жиырмадан астам Airbus және Boeing ұшақтарына қызмет көрсетуді тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz Airporthaber-ге сілтеме жасап.

Аталған шешімді кеден және сауда министрлігі 14 наурызда қабылдады.

Жеке, жүк, коммерциялық, чартерлік ұшақтар немесе кез-келген басқа елде шығарылған, 25%-ы АҚШ-та өндірілген компоненттерден тұратын, бірақ Ресей мен Беларуське баратын болса оларға қызмет көрсетуге тыйым салынды. Шешім АҚШ Сауда департаментінің өнеркәсіп және экспорттық тәжірибе қауіпсіздігі басқармасының бұйрығына сәйкес қабылданды.

turizmguncel.com сайтында 16 наурыз күні таңертең Түркия әуежайларында АҚШ сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік экспорттық тәжірибе басқармасының хатында көрсетілген лайнерлерге қызмет көрсетілмегені жазылған.

Нәтижесінде ресейлік ұшақтар Түркиядан жанармай құймай ұшып, Сочиге қонады, онда жанармай құйылады, содан кейін ұшуды жалғастырады.

Сонымен қатар, түріктер иелігіндегі ұшақтарға санкцияланған ресейлік мұнай компанияларынан ("Газпром" және "Лукойл") отын сатып алуға тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу