Түркия сириялық босқындарды қабылдай алмайтынын мәлімдеді

826

Түркия сириялық босқындарды қабылдай алмайтынын мәлімдеді

Түркия билігі ендігі уақытта сириялық босқындарды қабылдай алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Түркияның AFAD агенттігі (төтенше жағдай) басшысы Мехмет Бильден хабарлады.

Анкара бұдан былай жаңа келген босқындарды өз отанына – Сирия территориясындағы қауіпсіздік аймағына жөнелтуді жоспарлайды. Ефрат операциясы нәтижесінде ДАИШ содырларынан азат етілген аудандарда Түркия осындай қауіпсіздік территоияларын құрумен айналысады. Түркия билігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елден 60 мың шамасында босқын шығарылып, САР қауіпсіз аудандарына көшірілген. Дәл қазір Түркия территориясында 3 миллионға жуық сириялық босқын бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу