Түркия Сириямен арадағы шекарасында мұнай барлаумен айналысады

538

Барлау жұмыстары 12 062 га алаңда жүргізілетін болады.

Түркия Сириямен арадағы шекарасында мұнай барлаумен айналысады

Түркияның "TPAO" деп аталатын мемлекеттік мұнай компаниясы Сириямен шекаралас Мардин және Ширнак провинцияларында мұнай барлауға бес жылдық лицензия алды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қас сілтеме жасап.

Барлау жұмыстары 12 062 га алаңда жүргізілетін болады.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Мардин провинциясының Нусайбин уезіндегі кен орны өткен жылы табылған. "TPAO" хабарлағандай, Нусайбиндегі "Гунюрду-1" ұңғымасын барлау кезінде API шкаласы бойынша тығыздығы 11,8 градустай ауыр мұнай кен орны табылды. Оның қоры туралы ақпарат жарияланбады. 

Ширнак провинциясындағы геологиялық барлау жұмыстарының орны туралы мәлімет хабарланбады.

Табиғат Нұрболат

Фото: afp.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу