Түркия Сирияның Кобани қаласын шабуылдады

631

Түркия "Сириялық демократиялық күштердің" (SDF) күрд құрылымдарының бақылауындағы Кобани қаласына соққы берді, деп мәлімдеді SDF өкілі Фархад Шами.  

Түркия Сирияның Кобани қаласын шабуылдады Фото: phototass1.cdnvideo.ru

"Кобаниді түріктердің әуе күштері бомбылауда", - деп жазды Шами.

Бұған дейін Түрік ІІМ басшысы Сүлеймен Сойлу өткен аптадағы Ыстанбұл орталығында болған лаңкестік шабуылға осы шекаралас қаладан нұсқау келгенін, ал оны орындаушы Африн елді мекені арқылы түрік аумағына өтті деген күдік барын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу