Түркия Сирияның солтүстігіндегі екі елдімекенге шабуыл жасады

742

Бұған жауап ретінде Сирия әскері Азаз қаласының маңында жаппай атудың реактивті жүйесін қолданды.

Түркия Сирияның солтүстігіндегі екі елдімекенге шабуыл жасады Фото: reuters.com

Түрік артиллериясы Сирияның Алеппо провинциясының солтүстігіндегі екі елді мекенге шабуыл жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ANHA агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия Айн Дакна мен Бийлуния елді мекендерін ірі калибрлі снарядтармен бомбалады. БАҚ-тың хабарлауынша, ондаған снаряд жарылған.

Бұған жауап ретінде Сирия әскері Азаз қаласының маңында жаппай атудың реактивті жүйесін қолданды және Каферхашей елді мекендеріне оқ жаудырды.

Бұған дейін Түрік әскерінің Сириядағы екі жаңа операцияға дайындалғаны белгілі болды. Біреуі солтүстік-батыстағы Идлиб провинциясында, екіншісі елдің солтүстік-шығысындағы Эль-Хасака провинциясында жүргізіледі. Операциялар алдын-ала хабарлаусыз басталуы мүмкін. Сирия оппозициясының айтуынша, бұл операциялар Анкараның тікелей бұйрығымен дайындалған және Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның АҚШ Президенті Джо Байденмен кездесуінен кейін басталуы мүмкін .

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу