Түркия ұшақ апатынан 20 әскери қызметшісінің қаза тапқанын растады

Бұл туралы елдің Ұлттық қорғаныс министрлігі хабарлап отыр.  

Түркия ұшақ апатынан 20 әскери қызметшісінің қаза тапқанын растады Фото: Түркияның қорғаныс министрлігі

Грузия аумағында C-130 әскери-көлік ұшағынан қаза тапқандардың тізімін министрлік Х әлеуметтік желісінде жариялаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– 11 қарашада Грузия-Әзербайжан шекарасында С-130 әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан оның бортында болған 20 әскери қызметшіміз қаза тапты. Таңғы сағат 6:30-да Грузия билігімен үйлестіре отырып, біздің ұшақ апатқа ұшыраған жерде іздеу-құтқару жұмыстары және тергеу амалдары басталды, – деп жазылған мәлімдемеде.

Қаза тапқан 20 түрік әскери қызметкердің 18-інің денесі табылды.

11 қарашада Түркияның C-130 ұшағы Гянджа қаласының әуежайынан ұшып Грузияның аумағында құлаған еді.  Ұшақтың Грузия шекарасынан өткеннен соң бірнеше минуттан кейін радарлардан жоғалып кеткені белгілі болды. Грузияның әуе навигациясы қызметі ұшақ апат алдында дабыл белгісін бермегенін мәлім етті.

Бұған дейін апатқа ұшыраған Түркияның әскери ұшағында болған барлық адам қаза тапқанын жазған едік. 

Түркияның әскери ұшағы Грузияда апатқа ұшырауына байланысты Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу