Түркияда ауа райының күрт нашарлауына байланысты әуе компаниясы бүгінге жоспарланған ішкі 61 рейсті тоқтатады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Елдің шығысы мен орталығындағы бірнеше қала қалың қар құрсауында қалды. Түркияның басым бөлігінде өткен аптадан бері Ресей мен Исландиядан соққан суық желдің ықпалынан аяз да күшейген.
Метеорология бас басқармасы сәрсенбі күніне қауіптің сары деңгейі бойынша ескерту жариялады.
Сонымен қатар AJET компаниясы да 31 желтоқсанға жоспарланған 42 рейсті кейінге шегерді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу