Түркияда Абайға арналған бюст ашылды

1018

ҚР СІМ басшысы бюстің ашылу салтанатына қатысты.

Түркияда Абайға арналған бюст ашылды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің  Түркияға ресми сапары екінші күнге жалғасты. СІМ басшысы Ыстанбұл қаласында болып, онда түрік іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Сапар соңында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайға арналған бюсттің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, сондай-ақ оның есімі берілген мектепке барды.

Салтанатқа Ыстанбұл қаласының мэрі Экрем Имамоглу, осы мектеп орналасқан және қазақ диаспорасы жинақы мекендейтін Зейтінбурну ауданының мэрі Омер Арыс қатысты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу