Түркияда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

496

1 қарашада Түркияның Ыстанбұл қаласында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ғылыми конференция өтті. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ведомство сайтына сілтеме жасап.  

Түркияда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ғылыми конференция өтті Фото: Білімді ел

"Ахмет Байтұрсынұлы – түркі халықтарына ортақ ұлы тұлға. Оның ілімі халықаралық ғылыми кеңістікте, әсіресе, түркі әлеміндегі гуманитарлық ғылымдарда реформаторлық идеяларымен ерекшеленеді", – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов.

ТҮРKСОЙ жетекшілігімен өткен "Ахмет Байтұрсынұлы және түркі өркениеті" атты ғылыми конференцияны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу