Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 5 әскери қызметкер қаза тапты

222

Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр.

Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 5 әскери қызметкер қаза тапты Фото: Бейнежазбадан

Қайғылы оқиға Эскишехир провинциясында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, AS-532 үлгісіндегі әскери тікұшақ оқу-жаттығу мақсатында Эскишехир қаласындағы әуе базасынан ұшып шыққан. Алайда көп ұзамай апатқа ұшыраған.

Оқиға орнына іздестіру-құтқару қызметтері мен төтенше жағдайлар мамандары жіберілген. Құтқарушылар тікұшақтың сынықтарын тауып, кейін министрлік борттағы бес әскери қызметкердің де қаза болғанын растады.

Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр. Әзірге Түркияның Қорғаныс министрлігі оқиғаның неден болғаны туралы ресми түсініктеме берген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу