Түркияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

87

Түркияның Әділет және Ішкі істер министрліктері де қаза тапқан ұшқыштың отбасына көңіл айтып, оқиға бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

Түркияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты Фото: Miraç Kaya/AA

Түркияның Балыкесир қаласында 9-шы негізгі реактивті әуе базасына тиесілі F-16 Fighting Falcon жойғыш ұшағы жауынгерлік ұшу кезінде апатқа ұшырап, бір ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы Балыкесир губернаторы Исмаил Устаоглу мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұшақпен радиобайланыс түнгі сағат 00:56-да үзілген. Іздеу-құтқару жұмыстары барысында әуе кемесінің құлағаны және сынықтарының табылғаны анықталды. Апат Измир – Стамбул тас жолының Наипли учаскесі маңында болған, жол қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігі апаттың себебі арнайы комиссия жүргізетін техникалық тергеуден кейін белгілі болатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу