Измир, Болу, Денизли және Адана облыстарында бір күнде 60 сантиметрге дейін қар жауып, бірқатар қалааралық жолдарда көлік қатынасы қиындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ал Түркияның оңтүстік шығысындағы Газиантеп және Шанлыурфа өңірлерінде сұрапыл дауыл соғып, үйлердің шатырларын ұшырды. Ағаштар қопарылып, бір мешіттің мұнарасы құлады.
Газиантепте 22 жастағы қыздың үстіне шатыр қирандылары құлап, мерт болды. Дауыл кезінде 29 адам түрлі жарақат алған.

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу