Түркияда депутаттар парламентте төбелесіп қалды. Оқиға Бас ассамблеяда 2026 жылға арналған бюджет пен 2024 жылға қатысты түпкілікті есеп туралы заңды дауысқа салу кезінде болған. Бұл туралы Haberler басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Белгілі болғандай, CHP фракциясы төрағасының орынбасары Мурат Эмир мен AK Party депутаты Мустафа Варанкқа шабуыл жасаған. Кейін жанжалдың соңы екі партияның басқа да депутаттары қатысқан жаппай төбелеске ұласқан.
Төбелесті жиынға қатысқан басқа әріптестер тоқтатқан. Бұл жағдайға қарамастан келесі жылға арналған үкімет бюджеті туралы заң жобасы қабылданды. 320 депутат құжатты қолдап дауыс берсе, тағы 249 депутат қарсы шыққан.
Бұған дейін де Түркия парламентінде осыған ұқсас оқиға тіркелген. 2022 жылы депутаттар бюджетті талқылау кезінде төбелес шығарған. Қақтығыс 10 минутқа созылған. Кейін парламент спикері отырысты аяқтау туралы шешім қабылдаған.