Түркияда екі футболшы үйінді астында қалды

383

Сондай-ақ, жергілікті клубтардың 40 балуаны мен жергілікті команданың 14 волейболшысы жоғалып кетті.    

Түркияда екі футболшы үйінді астында қалды Фото: championat.com

Гана мен "Хатайспора" командасының қорғаушысы Кристиан Атсу мен түрік "Йени Малатьяспора" командасының қақпашысы Ахмет Эйюп Түркаслан үйінділер астында қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz түрік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Кеше ғана "Қасымпашамен" матчта жеңісті гол соққан "Челси" құрамасының бұрынғы ойыншысы Кристиан Атсу, сондай-ақ клубтың спорттық директоры Танер Савут Хатайда үйінділердің астында қалды. Құтқару бригадалары оларды іздеп жатыр.

Түрік "Йени Малатьяспора" қақпашысы Ахмет Эйюп Түркаслан да табылмай жатыр. БАҚ футболшының қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатын, алайда клуб президенті Қажы Ахмет Яман бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Әзірге үйінділер астынан команданың бірнеше басқа футболшылары құтқарылды: Бурак Оксюз, Бертуа Йылдырым, керім Алыжы, Экрем Экшиоглу мен Осман Атеш. Сондай-ақ, жергілікті клубтардың 40 балуаны мен жергілікті команданың 14 волейболшысы жоғалып кетті.

"Біздің басымызға үлкен сынақ түсті, мұнда барлығы бақытсыз күй кешуде. Хатайда бәрі қырылып жатыр. Өтінемін, жедел жәрдем, көмектесіңіз, мұнда жағдай өте нашар. Біз адамдармен байланыса алмай жатырмыз, көмек беріңіздер, Құдай үшін! Мұндай жағдай бір Хатайда ғана емес, көрші провинцияларда да болып жатқан қасірет", - деп "Фенербахче" Түркия құрамасының қақпашысы Волкан Демирел бейне-үндеу тастады.

Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны кем дегенде 7 726-ға дейін өсті, деп хабарлайды CNN.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу