Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарына қатысқан отандық құтқарушыларға сыйақы беріледі

650

Бұл туралы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарына қатысқан отандық құтқарушыларға сыйақы беріледі Фото: tengrinews.kz

"Мемлекет басшысы барлық құтқарушылар марапатталады деген болатын. Бүгінде Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару операциясына қатысқан құтқарушылардың марапатталуы бойынша тиісті құжаттарды Президент әкімшілігіне жіберді. Ал, енді ақшалай сыйақыға келер болсақ, оны ТЖМ өз қаражаты есебінен қарастырады. Бәріне төленеді", - деді спикер тілшінің сауалына берген жауабында.

Ибрагим Күлшімбаевтың сөзінше, Түркияда қазақстандық құтқарушылар қалған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу