Түркияда қараусыз қалған 1 453 бала отбасымен қауышты

771

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігі жер сілкінісінен кейін әлеуметтік желілерде қараусыз қалған балалар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Түркияда қараусыз қалған 1 453 бала отбасымен қауышты Фото: sanalbasin.com

Онда үйінді астынан шығарылған әрі қараусыз қалған 1 900 баланың тіркеуге алынғаны айтылған.

Өтініш берушілердің жеке басын  тексергеннен кейін 1 453 бала отбасымен қауышты. Ал 108 бала ем қабылдағаннан соң Министрлік тарапынан қамқорлық ұйымына алынған.

Сонымен қатар 339 баланың ауруханаларда емдеу процесі жалғасып жатыр. Қазір жеке басы анықталған 1817  және әлі анықталмаған 83 бала бар.

Назерке Ахметова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу