Түркияда қарттар үйі өртенді

167

Оқиға Ыстанбұл қаласындағы қарттар үйінде болған.  

Түркияда қарттар үйі өртенді Фото: etikhaber.com

Ыстамбұлдағы жапсарлас тұрған екі ғимараттан құралған қарттар үйінің 79 адам тұратын бөлігінен өрт шыққан, деп жазады inbusiness.kz etikhaber порталына сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ғимараттан 90 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Түтінге тұншығып, ыстан басы айналған 27 адам жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілген.

Дәрігерлердің төрт адамның жағдайы өте ауыр екенін айтты.

Иіс тиіп қалған адамдардың арасында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері де бар.

Аз уақытта жалын толық сөндірілді. Десе де өрт шыққан ғимаратта ерекше көмекке мұқтаж, өздігінен жүре алмайтын кісілер жатқан. Олардың барлығы дер кезінде құтқарылды.

Қазір мамандар өрттің себебін анықтап жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу