Түркияда коменданттық сағат енгізілді

1130

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған COVID-19 коронавирусының таралуына қарсы бүкіл ел бойынша қатаң шектеу шараларын жариялады деп жазды Daily Sabah.  

Түркияда коменданттық сағат енгізілді

Түркия билігі COVID-19-пен күресу үшін коменданттық сағат енгізіп, мектептерді жауып, мейрамханаларға шектеу қойды.

Атап айтқанда, мектептерді семестр аяқталмай тұрып жауып, демалыс күндері жергілікті уақыт бойынша 20: 00-ден таңғы 10: 00-ге дейін коменданттық сағат енгізеді.

Барлар, мейрамханалар, азық-түлік дүкендері, сауда орталықтары мен сұлулық салондары тек таңғы 10.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Пандемия кезінде Түркияда COVID-19 инфекциясының 420 мың жағдайы анықталды, 11 мыңнан астам адам қайтыс болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу