Түркияда оқитын студентті әскерге күшпен әкету оқиғасы шешімін тапты

171

Бұл туралы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Сенаттың жалпы отырысынан кейін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Түркияда оқитын студентті әскерге күшпен әкету оқиғасы шешімін тапты Фото: бейнежазбадан

Түркияда білім алып жүрген студенттің Қазақстан аумағында әскери қызметкерлер тарапынан көшеден ұсталып, әскери комиссариатқа жеткізілуі бойынша туындаған жағдай өз шешімін тапты. 

Журналистердің: "Шетелде оқып жүрген студент әскерге алына ма?" – деген сұрағына Сұлтан Қамалетдинов келесідей жауап берді:

– Иә, мұндай жағдай тіркелді. Түркияда оқитын студент демалысқа келген кезде оны әскери комиссариатқа жеткізген. Алайда бұл мәселе шешілді. Қазір ол   босатылып, өзінің жеке істерімен айналысып жүр, – деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу