Түркияда Палестинаны қолдау мақсатында шеру өтеді

635

Оған Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қатысады.

Түркияда Палестинаны қолдау мақсатында шеру өтеді Фото: Anadolu Agency

Бұл туралы Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик хабарлады. 

Сенбі күні Түркияның Ыстамбұл қаласында президент Ердоғанның қатысуымен “Палестина шеруі” өтеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ыстамбұл қалалық басқармасы жасаған мәлімдемеге сүйенсек аталмыш шеру "Израильдің қатыгездігіне әлемнің назарын аудару және азат Палестина ісіне қолдау көрсету" мақсатында өткізілмек.

Ауқымды митингке  Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен түрлі партия басшылары қатысады деп күтілуде.

Бұдан бөлек Ататүрік әуежайында өтетін шеруге БАҚ, спорт, өнер, бизнес әлемі мен Палестина диаспорасынан көптеген адам қатысады. Митинг ұлттық және халықаралық медиа ұйымдарына ашық болады. Шеруге Түркияның түкпір-түкпірінен, әсіресе Ыстамбұлдан миллиондаған адам қатысады деген болжам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу