Түркияда полиция қызметкері әріптестерін атып тастады

189

Адыяманда полицей бөлімшеде кезекшілікте жүрген әріптестеріне шабуыл жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркияда полиция қызметкері әріптестерін атып тастады Фото: zona.media

Оқиға Адыяман-Алтыншехир полиция бөлімінде болған. Болжам бойынша, полиция бөлімшесінде кезекшілік атқарған ер адам белгісіз себептермен басқа полицейлерге тапаншадан оқ жаудырған. Оқиғадан кейін жарақат алған полицейлердің бар екені, олардың кейбірінің жағдайы ауыр екені белгілі болды.

Елдің Ішкі істер министрі Әли Ерликаяның хабарлауынша, шабуылда ауыр жарақат алған екі полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, сонда қайтыс болған.

"Аталған факті бойынша сот және әкімшілік тергеу басталды", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Оқиғаға кінәлі адам аяғынан жарақат алған. Ол қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу