Түркияда Президент сайлауының екінші кезеңі аяқталды

645

Түркия уақытымен кешкі сағат 17:00-де дауыс беру аяқталды. Енді жоғары сайлау комиссиясы дауыстарды санауды бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркияда Президент сайлауының екінші кезеңі аяқталды Фото: Twitter

Бүгін әлемнің назары тағы да Түркияға ауды. Бауырлас ел мемлекет үшін ең маңызды шешім қабылдады. Жасы да, кәрісі де таңғы сағат сегізден сайлау учаскелеріне қарай ағылды. Түркия бойынша 973 аудан, 1 094 округтік сайлау кеңсесінде 191 мыңнан астам сайлау жәшігі құрылды. Түркияда таңғы сағат 08:00-де басталған дауыс беру рәсімі кешкі сағат 17.00-де аяқталды. 

Шетелдік сайлау тізіміне тіркелген 3,5 миллион сайлаушы үшін 73 елде және 151 шетелдік өкілдікте сайлау учаскелері құрылды. Ал дауыс беру 25 мамырда аяқталды.

Сайлау күні бірқатар шектеулер де қойылды. Бүгін сағат таңғы 06.00-ден түнгі 00.00-ге дейін алкогольдік өнімдер сатылмайды, қоғамдық орындарда алкогольдік сусындар беруге және ішуге тыйым салынады, ойын-сауық орындары дауыс беру кезінде жабық болды, ал мейрамханаларда тек тамақ беріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу