Түркияда сейсенбіде болған екі жер сілкінісінен 200-ден аса адам зардап шекті

725

Жарақат алған 18 адам ауыр халде жатыр.  

Түркияда сейсенбіде болған екі жер сілкінісінен 200-ден аса адам зардап шекті Фото: aa.com.tr

Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Қожа сейсенбіде Хатай провинциясында кеше түнде болған екі жер сілкінісінен 294 адам зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Бізде бүгін кешке Хатайда болған екі жер сілкінісінен 294 адам жарақат алды. Олардың 18-інің жағдайы, өкінішке қарай, ауыр", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Дүйсенбіде Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы елдің оңтүстік-шығысында 17 минуттық айырмашылықпен болған 6,4 және 5,8 баллдық екі жер сілкінісі туралы хабарлады. Жерасты дүмпулері Египетте, Израильде, Кипрде, Ливанда және Сирияда сезілді.

Бұған дейін Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу зілзаладан үш адамның қаза тапқанын және 213 адамның зардап шеккенін деп мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу