Түркияда селден 2 адам қаза тапты

754

Ал қазіргі таңда 4 адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Түркияда селден 2 адам қаза тапты Фото: www.trthaber.com

Түркияның Кыркларелі қаласында орын алған толассыз жаңбыр салдарынан екі адам қаза тауып, төрт адам із түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Inbusıness.kz  trt.haber-ге сілтеме жасап.

Кыркларелінің Демиркөй ауданы мен Игнеада қалашығында таңертең басталған толассыз жаңбырдың соңы селге ұласты. Кыркларелі губернаторы Бирол Экижи Демиркөйде су тасқыны кезінде 2 адамның мәйіті табылғанын, ал 4 адамды іздестіру-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.

Игнеададағы туристік нысандағы көптеген бунгало үйлерін су тасқыны сүйреп кетті.

Сондай-ақ, өңірде орманда қалып қойған екі адам құтқарушы топтың күшімен құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу