Бұл туралы Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияров брифинг барысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Ал бұған дейін хабар-ошарсыз деп танылған қазақстандық бүгін Хатай қаласында табылды. Ол екі күн бойы байланысқа шыға алмаған, бірақ қазір қауіпсіз жерде.
"Өкінішке орай, Қазақстанның тағы бір азаматы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз деп есептеледі. Ол 6 ақпаннан бері байланысқа шықпаған. Тұратын жері - Кахраманмара́ш қаласы. Әпкесі министрліктің жедел желісіне хабарласқаннан кейін оны іздеу жұмыстары басталды. Көршілерінің айтуынша, үй қирағанда ол ғимараттың ішінде болған", - деді СІМ өкілі.
Қазір Қазақстан елшілігі өкілі Кахраманмара́ш қаласына барып, түрік құтқарушылар тобымен бірлесе оны іздеп жатыр, деп хабарланды.
Сонымен барлығы зілзала салдарынан қазақстандық 2 адам қаза тапта, 1 адам құтқарылды. Ал іс-түссіз жоғалғандар қатарында 1 адам бар.