Түркияда туристік автобус аударылып 26 адам жарақат алды

373

Ауруханаға жеткізілген жаралылардың үшеуінің жағдайы ауыр. 

Түркияда туристік автобус аударылып 26 адам жарақат алды Фото: www.trthaber.com

Түркияның Қараман қаласында туристер мінген автобус бір үйдің бақшасында аударылып, нәтижесінде 26 адам жарақат алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Әзірге жүргізушісі анықталмаған туристік автобус қаладағы Ахмет Келешоғлу мәдени орталығының артындағы еңіске көтеріле алмаған.

Артқа сырғанап, басқарудан шығып кеткен автобус бір үйдің бақшасында аударылып қалды.

Көлік жүргізушісін қоса алғанда 26 адам жарақат алды. Ерменек ауруханасына жеткізілген жаралылардың үшеуінің өміріне қауіп төніп тұр делінген хабарда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу