10-12 тамыз аралығында мұнда 879 жер сілкінісі тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
AFAD мәліметінше, дүмпулердің басым бөлігі (шамамен 745) магнитудасы 3,0-ден төмен болып, тұрғындар сезбеген. Ал 120 сілкіністің күші 3,0-3,9 балл, тағы 17 сілкініс 4,0-4,9 баллға жеткен. Соңғылары аймақ тұрғындарын алаңдатып, адамдар үйлерінен шығып кеткен.
Мамандар мұны жер қыртысындағы жарықтарда жиналған кернеумен байланыстырады. Түркия – әлемдегі сейсмикалық тұрғыдан ең қауіпті аймақтардың бірі.
Қазір жер сілкінісінен үйлері жарамсыз деп танылғандар уақытша тұрмыстық контейнерлерге орналастырылуда. Билік жағдайды бақылауда ұстап, халықты сабыр сақтауға және ресми хабарламаларды қадағалауға шақырып отыр.