ҚР СІМ: Түркияда зардап шеккен немесе қаза тапқан Қазақстан азаматтары анықталмады

490

Астана уақыты бойынша сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша Қазақстан елшілігіне өтініш түспеді. 

ҚР СІМ: Түркияда зардап шеккен немесе қаза тапқан Қазақстан азаматтары анықталмады Фото: РИА новости

Түркияда жер сілкінісі кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ. Мұндай мәлімдемені ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Консул Түркияның Төтенше жағдайлар департаментімен тұрақты байланыста. Астана уақытымен сағат 15:00 ақпарат бойынша, тізімде зардап шеккен не қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ. Ғимараттардың біразы қирағандықтан, іздестіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр", - деді Айбек Смадияров.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу