Түркияда жер сілкінді

898

Түркияда жер сілкінді

Түркияның батыс жағалауындағы Эгей теңізі мен ондағы Лесбос аралында ірі зілзала болды, деп хабарлайды BBC-ге сілтеп egemen.kz.

Басылымның хабарлауынша, жер сілкінісін Ыстанбұл мен Афин қалаларының тұрғындары да сезген. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, 6,3 магнитудалық жер сілкінісінің эпицентрі Лесбос аралының оңтүстігіндегі Грекияның Пломари қаласынан түстікке қарай 5 шақырым жерде.

Пломари әкімінің айтуынша, қала орталығында бірқатар ғимараттар бүлінген. Табиғи апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат түскен жоқ. Грекия мен Түркия арасындағы геологиялық ерекшеліктерге сай, бұл аймақтарда жер сілкінісі сирек құбылыс емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу