Түркияда жойқын жер сілкінісінен 1 адам қаза тапты

146

Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Түркияда жойқын жер сілкінісінен 1 адам қаза тапты Фото: interfax.ru

Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында болған 6,1 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая 81 жастағы тұрғынның қазасын растады. Ол қираған ғимараттың астынан құтқарушылар алып шыққаннан кейін көз жұмған.

Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 300-ден астам маман мен 79 техника жұмылдырылған.

Еске салайық, кеше, 10 тамыз күні жергілікті уақытпен 19:53-те Түркияның батысында жер сілкінісі тіркелген болатын. Оның ошағы Балыкесир провинциясындағы Сындыргы ауданында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу