Түркияда жолаушылар автобусы аударылды

201

Автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен.  

Түркияда жолаушылар автобусы аударылды Фото: aa.com.tr

Оқиға бүгін таңертең Шанлыурфа-Газиантеп тасжолының Суруч ауданына жақын маңда болған, деп жазады inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Апат салдарынан 27 адам жарақат алды, олардың үшеуінің жағдайы ауыр. Автобуста жүргізушіні қосқанда, 43 жолаушы болған және ол Ван қаласынан Хатайға бара жатқан.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жандармерия жасағы жетті. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар жедел жәрдем көліктерімен Шанлыурфа мен Низип қалаларындағы ауруханаларға жеткізілді.

Жол апатына қатысты тергеу басталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу