Түркияда жүргізушісіз басқарылатын пойыздар жолға шықты

732

Түркияда жүргізушісіз басқарылатын пойыздар жолға шықты

Ыстамбұлда алғашқы жүргізушісіз пойыздар жұмыс істей бастады. Жобаның құны 800 миллион еуроға бағаланды. Ашылу салтанатына Түркияның президенті Реджеп Эрдоган қатысты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бірінші кезеңде жүргізушісіз пойыз жолының ұзындығы 10,5 шақырым болды. Ал, 2018 жылдың маусымына қарай 20 шақырымға дейін кеңейту жоспарланып отыр. Жүргізілген жұмыстар аяқталғаннан кейін, барлығы 19 станция жұмыс істейтін болады. Автоматтандырылған пойыздар күн сайын 700 мың жолаушы тасымалдай алады. Пойыздардың максималды жылдамдығы сағатына 80 шақырымды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы автоматтандырылған көлік жүйесі Шанхай метросының 17-ші желісінде іске қосылады. Жүргізушісіз метро автоматтандырудың төртінші деңгейінде жұмыс жасайды. Яғни, , тек төтенше жағдайдағы іс-әрекеттер үшін ғана жүргізуші қажет болады. Пойыздар өздері кестеге сай жүріп отырады, есіктерді өздері ашып, аялдамаларда өзі тоқтайтын болады. Ал, мұндай пойыздардың операциялық жүйесі толығымен Қытайда жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу