Түркияда жылдық инфляция 57%-дан асты

377

Жыл қорытындысы бойынша Түркияда инфляция 57,68%-ға жетті.  

Түркияда жылдық инфляция 57%-дан асты Фото: Ведомости

2022 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш одан да жоғары болды - 64,27%, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Аталмыш көрсеткіш түрік ғылыми-зерттеу институтының мәліметтеріне сүйене отырып жарияланды.

Тәуелсіз зерттеушілер инфляцияны талдауда мүлдем басқа сандар келтіреді, сарапшылардың пікірінше, көрсеткіш 121,62% болғаны айтылады.

2020 жылдың желтоқсанынан бастап Анкара жаңа экономикалық саясат жүргізіп келеді. Әсіресе түрік лирасын нығайтуға баса назар аударылады.

Бірақ, соңғы айларда сарапшылар лираның долларға немесе еуроға қатысты ерекше өзгерістерін айтқан жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу