Түркиядағы жер сілкінісі: Танымал түрік актеры көмек сұрады

1044

Кешеден бері Түркияның оңтүстік-шығысындағы бірнеше қала жойқын зілзаладан үйінді астында алды. Көршілес, Сирия, Ливан елдеріне де жерасты дүмпулері жеткен.

Түркиядағы жер сілкінісі: Танымал түрік актеры көмек сұрады Фото: HaberMotto

Танымал түрік актері Угур Аслан туып-өскен жері Хатай қаласындағы ауыр жағдайды айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Отбасымның жартысына жуығы Хатайда үйінді астында қалды. Қалғандарының айтуынша, ешкім көмек бермей жатыр. Неге?", - деп жазды актер Twitter желісінде.

Актердің айтуынша, Хатайдағы құламаған үйлердің өзі адам тұруға жарамайды.

"Телефонмен сөйлесіп отырмын, өзім Хатайға сәрсенбі күні барамын. Үлкен көмекке мұқтажбыз. Әсіресе, күн өте суық, жылы киім керек, тамақ керек. Үйсіз қалғандардың баратын жері жоқ, ол жағы әлі ұйымдастырылмаған. 15 млн адамға кесірі келген мына жағдайда қалған 65 млн түркиялық осында келіп көмектесуі керек деп ойлаймын", - дейді актер.

Айта кетсек, Түркияда жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 3,5 мыңға жуықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу