Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 1014-ке жетті

469

Аталған мәліметтерді Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою басқармасы жариялаған.

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 1014-ке жетті Фото: Анадолы

Түркиядағы жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 1014 адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында болған жер сілкінісінің құрбандары саны 1000-нан асты, кемінде жеті мың адам жараланды. 

Басқарманың мәліметінше, Кахраманмараш, Килис, Диярбакыр, Адана, Османие, Газиантеп, Шанлыурфа, Адияман, Малатия және Хатай провинцияларында 2824 ғимарат қираған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу